Меню

Русский выбор страны
Блоггеру будет приятно знать, кто читает его записи
На этот адрес эл. почты Вы будете получать сообщения о новых записях в блоге

Өнімділік тұқымның сапасына тікелей тәуелді

Оны атқамінерлермен қатар диқандар құптайды. Оны іс жүзінде кеңінен жүзеге асыру үшін 2015 жылы тұқымды демеуқаржыландырудың тетігі өзгертілді. Есесіне өнімділігі төмен жаппай репродукцияның көлемін құлдилату көзделіп отыр. Нәтижесінде сұрыпты алмастыру және жаңарту бойынша белгіленген межелер бағындырылатынына үміт артылған.

Тұқым шаруашылығы әлеу­меттік игілік түрінде емес, кәсі­пкерлік ретінде қарастырылуы тиіс. Оған еліміздің бас аграрийі шүбә келтірмейді. Оның уәжіне сүйенсек, атағы жер жаратын Монсанто іспетті әлемдік алпа­уыт компанияларға демеуқар­жы үлестірілмейді. Оны қаперге мықтап алған құзырлы министр­лік мемлекеттік демеудің тетігін өзгертуге бел буған. Бұған дейін диқан элиталық тұқымды енші­лесе, демеуқаржының арқасын­да оның жарты құнын ғана төле­ді. 2015 жылдан бері оны сатып алуды демеуқаржыландырудан бас тарту ұйғарылды. Есесіне енді субсидия бірінші репро­дукциялық тұқым мен бірін­ші ұрпақтағы буданға бағыт­талған. Бар гәп жоғары сұрыпты дәннің тауарлық астық ретін­де сатылуына тіреледі. Сал­дарынан элиталық тұқым­ды көбейту жұмыстарында еш ілгерілеу байқалмаған. Өнімділі­гі жоғары дән егіс алқаптарына сіңірілген, бірақ бұйырған сары алтынның қызығын тұқым ретін­де емес, қаржы түрінде сезінуге бекінгендер басым. Бұл шару­аны дөңгелетуден гөрі кірістің көзіне айналғанын СҚО Ауыл шаруашылығы басқармасы Мемлекеттік тұқым инспек­циясы бөлімінің жетекші­сі Людмила Дайырова да мойындайды.

- Людмила Васильевна, Солтүстік Қазақстан өңі­рі бойынша жалпы алдағы көктемгі дала жұмыстары­на қажетті тұқымның көлемі қандай? Бүгінде оны толық қамтамасыз етуде және сортты жаңартуда қандай кілтипандар бар?

- Дәнді, майлы дақылдар және картоп бойынша 490 мың тон­на тұқыммен қамдандық. Оның 15 мың тоннасы майлы дақыл­дарға, 1,4 мыңы жем-шөпке, 2,69 мың тоннасы картопке тие­сілі. Егер дәнді дақылдарды тер­гіштесек, облысымызға жалпы 465 мың тонна тұқым керек. Бүгінде қажеттілік 100% қамта­масыз етілген. Оған тоқмейіл­сімей, сұрыпты алмастыруды қамшыладық. Бар гәп тек сорт­ты жаңартуға тіреледі, әзір­ге облысымыз бойынша оның көрсетшікі 3% тең. Мәселен, 465 мың тонна тұқымның 5%-ын жаппай репродукция құрайды. Қарапайым сөзбен түсіндір­сек, бұл аса жақсы тұқым емес. Бізде бірегей тұқымнан эли­та алынады және одан кейін 1,2,3,4,5 репродукция бар, ал одан өзгесі жаппай деп аталады. Соңғысымен көбіне ұсақ шару­алар қамданған. Бүгінде олар­ды алмастыруға басымдық бері­луде. Сапасыз тұқымнан арылу көзделген. Бұл бағытта жаппай және 4,5 репродукция ныса­наға алынды. Бүгінде еншімізде­гі бірегей тұқымның көлемі 1%, элита 3 пайызға жетеді. Аттес­тацияланған шаруашылықтарда сатуға арналған 1-ші репродук­ция – 10% құрағанымен, егіс науқанына дейін көрсеткішті 20 пайызға жеткізу міндеті тұр. 2-ші репродукцияның көлемі 32%, ал 3-ші репродукция 33 пайыз. Қолымызда бар тұқым­ның 15% - 4 және 5 репро­дукцияға, 5 пайызы жаппай репродукцияға тиесілі. Оларды биылғы егіс науқанына дейін жаңартуды діттеп отырмыз. Бүгінде сұрыпты алмастыру және жаңарту бойынша семи­нар-кеңестер қолға алынып, 1-3 жоғары репродукциялар­ды ұсынатын тұқымды жеткі­зушілермен кездесулер ұйым­дастырылуда.

- Теріскейлік диқандар тұқыммен қамдануда әлі де көрші мемлекетке ат арыл­та ма әлде жергілікті дәнге сұраныс басым ба?

- Өткен жылы теңге мен рубльдің арасындағы бағам айырмашылығы есебінен диқан­дар үшін көрші мемлекеттен тұқым сатып алу тиімді еді. Бүгінде жағдай кереғар. Ресей­ліктер дәнді дақылдың 1 тон­насын шамамен 100 мың теңге­ге бағалайды. Бірақ бұл біздің агроқұрылымдардың қалтасын қағады. Есесіне жергілікті тұқым шаруашылықтарының ұсынған бағасы анағұрлым төмен. Мәсе­лен, «Тайынша-астық» ЖШС 1-ші репродукцияның бір тон­насын 90 мың теңгеге сату­да. Сонымен қатар демеуқар­жыландыру деген түсінік бар. Оның арқасында диқан арза­ндатылған бағамен жергілікті тұқымды сатып алады. Мемле­кеттің қолдау нәтижесінде шару­алар үшін тұқымның бір тонна­сы 60 мың теңгеге ұсынылуда.

Қолдағы мәліметтерді тер­гіштесек, өткен жылы өңіріміз­ден тысқары аумақтардан 5 мың тонна тұқым жеткізілген. Әзір­ге биылғы көрсеткіш 1700 тон­наны құрайды. Егіс науқанынан кейін оның нақты көлемі айқын­далады. Себебі диқанның дені қосымша қаржыны жұмса­мау үшін тұқымды тасымалдау жұмыстарына сәуір айында кірі­седі.

ЧИТАТЬ ДАЛЕЕ...

От Гостя
Вход
OpenID
Вы должны войти на сайт чтобы написать комментарий
Логин или E-mail:
Пароль:
Забыли пароль?
Вы должны войти на сайт чтобы написать комментарий

Почитайте другие наши интересные записи
Купил в текущем году племенных тёлок, сколько я могу получить субсидий? Вопрос 1. Здравствуйте. Подскажите, пожалуйста, я купил в текущем году племенных телок 12-месячных по цене 240 000 тенге за голову, сколько я могу получить субсидий? Вопрос 2. Добрый день! У нас хозяйство 1800 голов племенного КРС. Хотим докупать на откорм молодняк. Скажите, пожалуйста, какой размер субсидий на 1 голову. Есть ли зависимость субс
Просмотров: 599
17.02.2017
Мал шаруашылығы нысанаға алынды Бүгінде минералдық шикізаттың құны сан құбылуы – экономиканың өзге сала­ларын өркендетуге итермелейді. Өңірлердегі атқамінерлер ата кәсіпті жаңғыртып, мал шаруашылығының экспорттық әлеуетін арттыруға дендеп кіріспек. 2014 жылмен салыстырғанда өткен жылы ет өндірісінің құлашы 3,4% кеңейген. Ірі қараны көбейтуге бел буған шаруа қожалықтарын
Просмотров: 575
22.11.2016
Отраслевые программы - подспорье для животноводства В Наурзумском районе Костанайской области увеличивается количество хозяйств, занимающих­ся животноводством, во многом этому способству­ет поддержка государства. О развитии этой живот­новодческой отрасли рассказал аким Наурзумского района Талгатбек Даиров. Если в 2014 году в Наурзумском районе насчитывалось 78 живот­новодческих хо
Просмотров: 622
19.07.2016
Фотогалереи
Популярные блоги
Сейчас читают
Изучено влияние предшественников и системы удобрения на
Увеличение производства баранины и улучшение ее качества достигается з
бор на соняшник, ч 2. 2016-06-03 11:53:37 Потреба в добривах
Плоды гуми содержат комплекс витаминов и биологически активных веществ
Сакура - название нескольких деревьев подсемейства Сливовые. Многие ви
В один из холодных зимних дней Слава ехал домой с работы по заснеженно
Создание собственной птицефабрики – достаточно трудоемкий процес
Вот и подходит к концу уральское лето полное причуд и неожиданных сюрп
Общее устройство сеялки.      Принцип работы сеялки -
Мастит. В зависимости от причин, вызывающих заболевание, маститы подра
Горожане приручают железных коней. Поехали на дачу, говорили они, б
Усиленный режим работы производственной площадки "Агропромтехники
Гуси — единственный вид сельскохозяйственных птиц, которые при ж
Предлагаем Вашему вниманию серию фотографий президента России Владимир
ЗАО «Агропромтехника» построит высокотехнологичный зерноко