Меню

Русский выбор страны
Блоггеру будет приятно знать, кто читает его записи
На этот адрес эл. почты Вы будете получать сообщения о новых записях в блоге

Техникалық регламенттің сақталуына қатаң бақылау қажет

Елімізде саудаланатын тауарлардың төрттен бір бөлігі техникалық регламентке сәйкес келмейді. Олар қауіпсіздікті растайтын ешбір құжатсыз саудаланған. 81 пайызы азық-түлік өнімдерінің еншісіне тиген. Оның ішінде 19% қауіпті деп танылған.

Кей өнімдер құжатсыз саудаланған

Талап үдесінен шықпаған өнімдер легі жіпке тізілді. Сапаны нысанаға алған маман­дар 15 151 тауарды сүзгіден өткізген. Нәтижесінде 3936-сы техникалық регламентті бұза­тыны анықталды. Олардың көшін 81 пайызбен азық-түлік өнімдері бастайды. Балаларға арналған ойыншықтар мен тау­арлардың 14%-да олқылықтар табылған. Химиялық және мұнай-химиялық заттар, пар­фюмериялық-косметикалық өнімдер, азық-түлік саласы­на қатысты материалдар мен құрылғылар үштікті түйіндей­ді. Сараптама дәйектері мен деректерін ҚР Ұлттық эконо­мика министрлігі Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті Техни­калық регламенттер мен сани­тарлық шаралар талаптарының сақталуын бақылау басқар­масының басшысы Нұрқан Сәдуақасов паш етті. Оның айтуынша, техникалық регла­менттің сақталмауы көбіне сүт өнімдерінде байқалған. Тек­серілген ақтың 26 пайызын­да кемшіліктер табылды. Оның соңынан ет және ет өнімде­рі - 15%, құс еті мен оның өні­мі - 13%, кондитерлік өнімдер - 10%, көкөніс өнімдері - 5%, шырын және алкогольсіз ішім­діктер - 1% ілескен.

Қара тізімге енген өнімдердің 68 пайызында таңбалау ереже­лері бұзылғаны анықталды. Ал сарапталған тауарлардың 19% қауіпсіздік талаптарына сәй­кес келмейді, 13% орамада жазылған мәліметтер тұтыну­шыларға түсініксіз деп таныл­ды.

Техникалық регламенттің «ала жібін аттаған» тауарлар шығарылған елдердің тізімі түзілді. 52 пайыз көрсеткішпен көрші Ресей көш бастаған. Оның соңынан қазақстандық тауарлар ілескен - 23%. Үштік­ті Қырғызстаннан дорбаланған қорытындылады - 4%. Талап үдесінен шықпаған тауарлар Беларусь және Украина елде­рінен де жеткізіледі.

Сараптама нәтижесі көңіл көншітпейді. Өнімнің қауіпсіз­дігін дәлелдейтін құжатсыз оның сауда сөрелеріне жол тар­ту жайттары шаш етектен. Бұл бағытта 3 мыңнан астам жағдай тіркелді. Оның 796-сы бойынша тауарлардың ешбір құжаты бол­маған.

Өнім бағасына назар аударыңыз!

Ауыл шаруашылығы министрі де импорттық тауардың сапасы мен бағасына баса мән беру­ге шақырады. Асылжан Мамыт­бековтың бағамдауынша, сау­да сөресіндегі өнімді таңдауда оның арзандығына қызықпаған жөн.Олардың аты затына сай болмауы әбден кәдік.

- Біз елімізге импорттың тасы­малдануына қарсы емеспіз. Бірақ оның атауы дұрыс болып, тұтынушы нені сатып алғанын айқын түсінуі тиіс. Бүгінде тех­никалық регламентті бақыла­уды Ауыл шаруашылығы мини­стрлігінің құзырына беру мәсе­лесі қарастырылуда. Себебі дүкендерімізде тұтынушыларды адастыратын және біздің өндір­ісімізге балта шабатын жайттар шаш етектен, - деп күйінді елі­міздің бас аграрийі.

ЧИТАТЬ ДАЛЕЕ...

От Гостя
Вход
OpenID
Вы должны войти на сайт чтобы написать комментарий
Логин или E-mail:
Пароль:
Забыли пароль?
Вы должны войти на сайт чтобы написать комментарий

Почитайте другие наши интересные записи
Синхронизация в воспроизводстве стада Новые научные достижения и разработки содействуют интересам ме­неджмента животноводческих ферм. Об одном из них сегодня пойдет речь. В современных условиях раз­вития производства молока и мяса животные на фермах по­ставлены в агрессивные условия содержания. У скота увеличились стрессовые нагрузки и располо­женность к гинекологиче
Просмотров: 442
03.07.2017
Новый Трудовой кодекс Республики Ка­захстан С 1 января 2016 года вступил в силу новый Трудовой кодекс Республики Ка­захстан. Трудовые отношения между работодателем и работником претерпе­ли серьезные изменения. Споров и дискуссий о Трудовом кодексе РК (далее - ТК РК - 2015) в прессе было немало. Множество высказываний было о том, что новый нормативно-правовой акт «на стороне
Просмотров: 840
31.08.2016
Отраслевые программы - подспорье для животноводства В Наурзумском районе Костанайской области увеличивается количество хозяйств, занимающих­ся животноводством, во многом этому способству­ет поддержка государства. О развитии этой живот­новодческой отрасли рассказал аким Наурзумского района Талгатбек Даиров. Если в 2014 году в Наурзумском районе насчитывалось 78 живот­новодческих хо
Просмотров: 580
19.07.2016
Фотогалереи
Популярные блоги
Сейчас читают
Как решить проблему с гречкой   Проблема с гречкой заключае
  Научные основы силосования кормов и условия, необходимые дл
Весь центр тяжести козоводства заключен в выборе козла-производителя,
Фотографии сделаны в парке иибирских тигров в Китае, Харбин. Этот круп
Тыква - однодомное раздельнополое растение. Корневая система у нее оче
Растение — живое существо и, как свойственно всему живому, подве
Успешное продвижение алычи и абрикоса на север стало возможным благода
Земляника – любимое лакомство детворы, да и взрослых. Земляника
...это электронная система контроля и регулирования нормы расхода рабо
Витамины, еще недавно казавшиеся второстепенным фактором питания, кото
Засвоєння поживних елементів, транспірація та інші фізіологічні процес
лігногумат марки ам калійний применение 2016-06-03 11:29:14 Ма
Свинина получается очень вкусной благодаря тому, что она готовится сов
Полуприцеп тракторный самосвальный ПСТ-9 предназначен для транспортиро